
Мемлекеттік сатып алу аясындағы жаңалықтар, тәжірибені жоғарылату және мемлкеттік сатып алу жүйесінің қатысушыларының жауапкершілігі, бір көзден сатып алуды қысқарту мен жемқорлықты азайту, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор жөніндегі мәселелер талқыланды.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуды жетілдіруді және квазимемлекеттік сектор сатып алуларын заңнамалық реттеуді қарастыратын заңнамалық түзетулер заңды күшіне енгенін атап өтеміз.
Әзірлеушілердің пікірі бойынша, Заң, біріншіден, сатып алуды шектен тыс регламенттеу, екіншіден, сатып алуға қатысушылардың төмен біліктілігі, үшіншіден, бір көзден сатып алу үлкен үлесінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Қазіргі жұмыс істейтін бірыңғай ұйымдастырушылардың базасында республикалық, облыстық және аудандық деңгейде орталықтандырылған сатып алу органдары құрылатын болады.
Сонымен қатар әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы міндетті түрде тексерілетін болады, ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінен алуға болады. (төленген салықтар, негізгі және айналымдағы қаражаттың бар болуы, еңбекақы төлеу қоры).
Демпинг мәселесі шешіледі. Енді «демпингтік баға» және оған жол бермеудің нақты ұғымы беріледі.
Қазір сатып алуға қатысушылар келісімшарттардың соңына түсіп, бағаны негізсіз төмендететін («демпинг жасайтын») проблемалар бар, бұл шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауға әкеп соғады.
Осы уақытта «кәсіби шағымданушылардың», «троллейдің» тұтас когортасы пайда болды, олар үшін шағымдану – мемлекеттік сатып алуды бұзудан заңсыз пайда алу құралы болды.
Әдетте, мұндай «кәсіби шағымданушылар» сатып алуға қатысу ниетінсіз, өзара қарау шеңберінде басқа қатысушылардың ақпаратына қол жеткізу мақсатында өтінімдер береді.
Мұндай жағдайларды болдырмау үшін:
1) конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге басқа қатысушылардың құжаттарын қарауға тыйым салу;
2) конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылауға қатыспаған әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарамау;
3) үшінші тұлғалардың (сатып алуға қатыспағандардың) шағымдары бойынша шарт жасасу мерзімін тоқтатпау ұсынылады.
Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу веб-порталының қызметтерін қолдану ақылы болады.
Бір көзден сатып алуды қалай қысқартады және сыбайлас жемқорлықты азайтады?
Біріншіден – бір көзден сатып алудың 53 негіздерінен 5 жағдай алып тасталады:
1) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;
2) бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлестерді сатып алу;
3) монетарлық қызметті жүзеге асыру үшін, сондай-ақ ҚР Ұлттық қорын және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі сатып алу;
4) Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткішін) сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне техникалық және авторлық қадағалау жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
Екіншіден – сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілердің оларға қайталама сатып алуды өткізу міндеті белгіленеді.
Бұл бір көзден сатып алуды қысқартуға мүмкіндік береді.
Үшіншіден – бір көзден сатып алу шеңберінде ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі кәсіпорындарының қосалқы мердігерлерді тартуына тыйым салынады.
Төртіншіден – конкурстық комиссия мүшелерінің конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін уақтылы қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілігі белгіленеді.
Квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына қатысты
Бірінші - сатып алу қағидаларын бұзғаны үшін квазимемлекеттік сектор қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады;
Екінші - квазимемлекеттік сектордың барлық сатып алулары электрондық форматқа көшіріледі;
Үшінші - Қаржы министрлігі «Самұрық-Қазына» Қорын қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірыңғай сатып алу қағидаларын бекітеді.
Бұл ретте Самұрық-Қазына қағидалары Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен Қаржы министрлігінің келісімі бойынша бекітілетін болады.
ҚР Қаржы министрлігінің Баспасөз-қызметі