
2026 жылғы 13–14 сәуірде Брюссель қаласындаҚазақстан РеспубликасыЕуропалық одақкедендік ынтымақтастық жөніндегі кішікомитетінің 9-отырысы аясында техникалық консультациялар өтті
Консультациялар кедендік әкімшілендірудің практикалық аспектілерін талқылауға және тәжірибе алмасуға бағытталдыоның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолданумобильді кедендік топтардың қызметісондай-ақ кедендік зертханаларды пайдалану саласындағы озық тәжірибені зерделеу мәселелері қамтылды
Өткізілген консультациялар ынтымақтастықтың жекелеген бағыттарын егжей-тегжейлі пысықтауғаоларды іске асырудың практикалық тәсілдерін айқындауғасондай-ақ негізгі отырысқа шығарылған мәселелер бойынша тараптардың келісілген ұстанымдарын қалыптастыруға мүмкіндік берді
2026 жылғы 15 сәуірде Қазақстан РеспубликасыЕуропалық одақкедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 9-отырысы өтті
Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты
Отырыс барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылды дамытудың өзекті мәселелерін қарастырдыоның ішінде кеден заңнамасы мен рәсімдерін жетілдіруқұқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытусондай-ақ тауарлар мен көлік құралдары бойынша алдын ала ақпарат алмасу тетіктерін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
Атап айтқандакелесі бағыттарға ерекше назар аударылды
Іс-шаралар қорытындысы бойынша практикалық өзара іс-қимылдың бірқатар бағыттары бойынша ортақ түсіністікке қол жеткізіліполарды іске асырудың кейінгі қадамдары айқындалды
Техникалық консультациялар мен Кіші комитет отырысын өткізу Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы қалыптасқан диалогтың тиімділігінсондай-ақ кедендік әкімшілендірудің қолданбалы міндеттерін шешутәжірибе алмасу және келісілген тәсілдерді қалыптастыру үшін осы форматтың өзектілігін растады
Тараптар практикалық өзара іс-қимылды оданәрі нығайтуға және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруғазаңды сауданы дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады
Кіші комитеттің 10-отырысын 2027 жылы Қазақстан Республикасында өткізу жоспарлануда.