Қаржы министрлігі 2018 жылы жүргізілген мемлекеттік шығындар мен қаржылық есептілікті бағалау есебін (МШҚЕ/ PEFA) қортындылады

Қаржы министрлігі 2018 жылы жүргізілген мемлекеттік шығындар мен қаржылық есептілікті бағалау есебін (МШҚЕ/ PEFA) қортындылады

2019 жылғы 30 қаңтарда Вице – министр Р. Бекетаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен 2018 жылы өткізілген мемлекеттік шығыстарды және қаржылық есептілікті (МШҚЕ/ PEFA) бағалау жөніндегі түпкілікті есептің нәтижелері бойынша кездесу өткізді.

PEFA-ға бағалауының жүргізу мақсаты Қазақстан Үкіметіне мемлекеттік қаржыны басқару жөніндегі қызметке және 2009 жылы жүргізілген PEFA-ның соңғы бағалауынан кейін болған өзгерістерге егжей-тегжейлі баға беру болып табылады.

 

2018 жылғы PEFA бағалауына шамамен 20 мемлекеттік орган қатысты.

Дүниежүзілік банк сарапшыларының бағалауы бойынша 2009 жылдан бағалаудың 14 өлшемі бойынша көрсеткіштер жақсартылды (салық салу, қаржылық бақылау, төлемдер және есепке алу жүйесі тиімді жұмыс істейді).

Алдыңғы бағалаумен салыстырғанда айтарлықтай прогреске қол жеткізілсе де, ашықтықты, есеп берушілікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қаржыны басқаруда шешімдер қабылдау процесіне халықты тарту мәселелері ашық қалуда.

Осыған байланысты, ҚР ҚМ-і Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетімен және ҚР Ұлттық Экономика Министрлігімен, сондай-ақ ҚР ҚМ-ң құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, көрсеткіштерді жақсарту мақсатында PEFA бағалауды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (жол картасы) әзірленді.