Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қаржы саласындағы ашық деректерге деген қажеттіліктерді анықтау мақсатында сауалнама жүргізуде

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қаржы саласындағы ашық деректерге деген қажеттіліктерді анықтау мақсатында сауалнама жүргізуде

Ашық үкімет қағидаттарын іске асыру шеңберінде Қаржы министрлігі ашық деректерді қалыптастырып, жариялап келеді.
Ашық деректер - машинада оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдаланып, өзгеріссіз күйде қайта жариялауға арналған ақпарат.

Ашық деректер азаматтарға, бизнеске және сарапшылар қауымдастығына мемлекеттік процестерді талдауға, қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға және сенімді деректер негізінде цифрлы сервистерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

Ашық деректерді енгізудің мақсаты - мемлекеттік институттарға деген сенімді арттырып, қабылданатын шешімдердің сапасын жақсарту, инновациялар мен мәліметтерге негізделген экономиканың дамуын ынталандыру.

Бүгінде Қаржы министрлігі https://data.egov.kz/ ашық деректер порталында 86 ашық деректер жиынтығын орналастырды. Министрлік ашық деректерді уақтылы орналастырып, жаңарту мен олардың дәйектілігін қамтамасыз етіп келеді.

2026 жылғы 19-30 қаңтар аралығында ашық диалог порталында қаржы саласындағы ашық деректерге деген қажеттілікті анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі.
Сауалнамамен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=6897

Біз қоғамның игілігіне қажетті мәліметтерді жариялауға күш салып келеміз. Сіздердің Қаржы министрлігінің қолданыстағы деректер жиынтығына берген бағаларыңыз бен пікірлеріңіз, сонымен қатар қосымша ашық деректер жиынтығын қалыптастыруға арналған ұсыныстарыңыз біз үшін аса маңызды. Осы арқылы бұл мәліметтер шын мәнінде сұранысқа ие қоғамдық ресурсқа айналады.