ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы ҚХР жеңілдікті кредит беруі туралы негіздемелік келісімді ратификациялау бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына арналған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Ә.А. Смайыловтың баяндамасы Астана қ., 2019 жылғы 6 наурыз, 10.00

ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы ҚХР жеңілдікті кредит беруі туралы негіздемелік келісімді ратификациялау бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына арналған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Ә.А. Смайыловтың баяндамасы Астана қ., 2019 жылғы 6 наурыз, 10.00

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Құрметті депутаттар! 

Сіздерге «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасының жеңілдікті кредит беру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылып отыр.

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикасын дамытудағы басымдықтардың бірі – жаңа Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылатынын атап айтты. Осыған байланысты жүк транзитінің еркіндігін, көлік дәліздерін құруды және жаңғыртуды қамтамасыз ету қажет.

Осы мақсатта Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасындағы қазақстан учаскесіндегі өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымдарын дамыту қажет.

Қазіргі бар инфрақұрылым өсіп жатқан ағынды біркелкі және жедел өткізуге мүмкіндік бермейді. Мысал ретінде қазақстан-өзбек шекарасында туындаған ахуалды келтіруге болады.

Қазақстан тарапындағы өткізу пункттерінің алдында күн сайын тәулігіне 70-тен 300-ге дейін автокөлік құралдары жиналып қалуда, тасымалдаушылар кезекте 3 тәулікке дейін тұруға мәжбүр.

Анықтама үшін: күн сайын өткізу пункттері тәулігіне өзінің өткізу қуатынан артық 150 ден 250-ге дейін автокөлік құралдары өткізуде.

Өткізу мүмкіндігін ұлғайту үшін Қаржы министрлігі «Эталондық өткізу пункті» Тұжырымдамасын әзірледі. 

Осы Тұжырымдамаға сәйкес қазақстандық өткізу пункттерін қозғалыс ағынын (қозғалыс бағыттары қиылыспайтындай) міндетті түрде ажыратып бөле отырып жайластыру жоспарлануда.

Көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалуы үшін Техникалық бақылаудың бірыңғай өтпелі автоматтандырылған дәліздері орнатылатын болады.

Сіздерге ратификациялауға ұсынылған Негіздемелік келісімге Мемлекет басшысының Бейжің қаласына сапары шеңберінде 2018 жылдың маусым айында қол қойылды.

Анықтама үшін: қарыз сомасы 2 062 млн. юань (108 млрд.теңге/296 млн$) құрайды, жылына 2%, бесжылдық жеңілдік кезеңді қосқанда 20 жыл мерзімге беріледі. 20 жыл ішіндегі артық төлем сомасы 426 млн.юань/61 млн.$ құрайды.

Қытай Халық Республикасы Қарыз шеңберінде 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу пунктіне жаңғырту және техникалық түгел жарақтандыру жүргізуді жоспарлап отыр.

Анықтама үшін: Автомобиль - 9: Қытай Халық Республикасымен шекарада (4) - Алакөл, Қалжат, Майқапшағай, Бақты; Өзбекстанмен шекарада (4) - Қапланбек, Қазығұрт, Атамекен, Тәжен; Түркменстанмен шекарада (1)        -Темір баба;Теміржол -1: Қытай Халық Республикасымен шекарада – Достық.

          Еуразиялық Экономикалық Одақтың сыртқы шекарасындағы өткізу пункттерінің барлығы – 40, оның ішінде:

          автомобиль – 14, теміржол – 6, теңіз - 3, әуе – 17.

Жобаның іске асырылуын осы жылдың аяғында бастауды және 2022 жылы аяқтауды жоспарлаудамыз.

       ЕАЭО сыртқы шекарасының барлық периметрі бойынша өткізу пункттерді жаңғырту, сондай-ақ тауарлардың барлық өту циклын автоматтандыру кедендік әкімшілендіру деңгейін көтеруге, өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жақсартуға және  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді, бұл сыртқы экономикалық қатысушылардың қаржы шығындарына және елдің рейтингісіне оң әсер етеді.

          Анықтама үшін: жаңғырту шекараны өту уақытын 60 минуттан 25 минутқа дейін қысқартады және өткізу пункттерінің өткізу қабілетін 12 есеге дейін ұлғайтады (жобалық – тәулігіне 450 АКҚ, жоспарланған 5 400 АКҚ тәулігіне).

 

Құрметті депутаттар, Сіздерден осы Негіздемелік келісімнің ратификациялануын қолдауды сұраймын.

 

 

Назарларыңызға рахмет!