Аккредиттеу мен лицензияны қысқа ғана мерзімде алуға болады

 Аккредиттеу мен лицензияны қысқа ғана мерзімде алуға болады

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті хабарлағандай, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі қысқартылатын болады.

 

Атап айтқанда, кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру – 5-тен 4 жұмыс күніне дейін, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру – 15-тен 4 жұмыс күніне дейін, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру – 20-дан 5 жұмыс күніне дейін, бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру –20 жұмыс күннен 5 жұмыс күнге дейін.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі