Таңбаланған өнімді сату үшін онлайн-кассаны жаңарту қажет

Таңбаланған өнімді сату үшін онлайн-кассаны жаңарту қажет

ҚР Қаржы министрлігі фискалдық мәліметтер операторымен бірге темекі өнімдерін цифрлық таңбалауды енгізуге дайындық аясында БКМ өндірушілері мен ТҚО-ларға таңбаланған тауарлар туралы ақпаратты ФДО-ға беру үшін жаңартуды дайындауға қатысты Жаднама дайындады.

Жаднаманы мына сілтеме арқылы көруге болады: https://www.ismet.kz/ru/main/documents

Егер деректерді беру функциясы бар БКМ болған жағдайда БКМ өндірушілері мен ТҚО-ларға арналған Жаднамаға сәйкес таңбалау үшін барлық қажетті қазметтері жүзеге асырылған жаңартудан өткізу керек, сонымен қатар 2D сканер сатып алу қажет.

Ал мобильді БКМ-дердің бағдарламасын БКМ өндірушілері мен ТҚО-ларға арналған Жаднамаға сәйкес жаңартса жеткілікті және таңбаланған тауарлардың шығуын 2D сканерінсіз жасай беруге болады. 

Сондай-ақ, таңбаланған өнімді тегін мобильді қосымшаның көмегімен шығаруға болады.

 

Темекі өнімдерін таңбалау мәселелері бойынша толық ақпарат алу үшін 8 (800) 080-65-65 (қоңырау шалу тегін) телефонына немесе https://www.ismet.kz/ru/main/about-marking сайты мен https://www.facebook.com/markirovka.kz, https://t.me/markirovkatovarov әлеуметтік желілері арқылы хабарласуға болады.