
Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңестің біліктілік комиссиясы 2025 жылғы 6 маусым мен 8 маусым аралығында өткен «Қазақстан Республикасының аудиторы» атағына емтихан сессиясының қорытындысын шығарды. Сессия қорытындысы бойынша (Апелляциялық комиссия жұмысының қорытындыларын қоса алғанда) «Аудитор» біліктілігі 18 (он сегіз) кандидатқа берілді.
2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасында құрамына кәсіби аудиторлық ұйымдардың өкілдері мен ҚР Қаржы министрлігінің өкілі кіретін Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңестің (www.psad.kz) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі бірыңғай біліктілік комиссиясы өз қызметін жүзеге асыратынын атап өтеміз.