
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметкерлері 2025 жылдың 18-19 маусым күндері Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) өткен Мемлекеттік қаржы саласын басқаруға қатысты тәжірибе алысуға арналған III халықаралық конференцияға қатысты.
Аталған жиында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстанның Қаржы министрліктері әрі ғылыми-талдау институттарының өкілдері бас қосты.
Оның барысында бюджетті жоспарлау мен орындау, оның ішінде мемлекеттік сатып алу және бюджеттік процесске цифрлы жобаларды енгізу мәселелері талқыланды.
Іс-шараның аясында ҚР Қаржы министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Әлихан Әбілғазинов «Қазақстан Республикасының бюджетін жоспарлау және орындау кезіндегі цифрлы технологияларды дамыту трендтері» тақырыбында баяндама жасады.