ІМАК аудиторлары құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 126 млрд. теңгеге 138 материал тапсырды

ІМАК аудиторлары құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 126 млрд. теңгеге 138 материал тапсырды


Ағымдағы жылдың басынан бастап Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің (ІМАК) мамандары камералдық бақылау көмегімен жалпы сомасы 12,3 триллион теңгені құрайтын миллионнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдерін тексерді. 8 ай ішінде олар жалпы сомасы 4,65 трлн теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзу туралы 26 616 хабарлама жазып берді.


Камералдық бақылау мемлекеттік аудит объектісіне бармай, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстырып-тексеру арқылы жүзеге асырылады. Оның мақсаты-бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды өздігінен жою құқығын беру.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша шығарылған жалпы сомасы 4 604 млрд.теңгеге бұзушылықтар туралы хабарламалардың 25 714-і мемлекеттік аудит объектілерімен жедел түрде жойылды. Сондай-ақ шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 67 өкім шығарылды.
Бұдан өзге ІМАК мамандары жалпы сомасы 602,85 млрд.теңгеге мемлекеттік сатып алуды қамтитын 1090 аудиторлық іс-шараны жүзеге асырды. Тексеру барысында рәсімдік сипаттағы 1534 бұзушылық тіркелді. Анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 167,59 млрд.теңгені құрады.

Жалпы сомасы 161,71 млрд.теңге болатын қаржылық бұзушылықтар бүгінгі күні бюджетке өтеу, тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау және есеп бойынша көрсету жолымен жойылды.

По результатам проведенных аудиторских мероприятий даны 966 рекомендаций, направленных на устранение причин выявленных нарушений и недостатков, совершенствования деятельности объектов аудита в области госзакупок. 760 из них исполнены.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға, мемлекеттік сатып алу саласындағы аудит объектілерінің қызметін жетілдіруге бағытталған 966 ұсыным берілді. Оның 760-ы орындалды.


380 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, салынған айыппұл сомасы 63,3 млн.теңгені құрады, оның 58,2 млн.теңгесі бюджетке өндіріп алынды.
Жіберілген бұзушылықтар үшін 736 кінәлі адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
126,75 млрд. теңге сомасына 138 аудиторлық материал құқық қорғау органдарына процестік шешімдер қабылдау үшін берілді.