ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесу өткізді.

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында қандай іс-шаралар өткізілгені және алдағы жоспарлар туралы айтты.
Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу және жекешелендіру, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, бюджеттік процесті жетілдіру, салықтық және кедендік әкімшілендіру, цифрландыру мәселелері бойынша қабылдып жатқан шаралар қозғалды.
Министр әрбір резервист Қаржы министрлігінің қызмет бағыттары бойынша өз ұсыныстарын қалдыра алатын бірыңғай платформа құру қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында барлық қатысушылар министрлік басшылығына ризашылықтарын білдіріп, ашық диалог форматындағы мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.