Даудың түрі: салықтық даулар
Салық төлеушінің санаты: дара кәсіпкер
Салық түрі: ҚҚС
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі-салық органы) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге қосылған құн салығын (ҚҚС) 505,9 мың теңге сомасында, 52,9 мың теңге сомасында өсімпұл есептеу туралы тексеру нәтижелері туралы хабарламасына «Д» ДК-ның апелляциялық шағымын алды.
«Д» ДК салық органының тұжырымдарымен келіспей, апелляциялық шағыммен жүгінді және мынадай дәлелдер келтіреді.
«Д» ДК шағымынан салықтық тексеру нәтижелері бойынша 505,9 мың теңге сомасында ҚҚС негізсіз есептелгені көрінеді. «Д» ДК өз қызметі кезеңінде 39 345,6 мың теңге сомасына іске асыруды жүзеге асырды, оның ішінде ҚҚС 4 215,6 мың теңге, оны уақтылы төледі.
«Д» ДК шағымда ҚҚС мынадай формула бойынша есептелетінін атап өтті: ҚҚС=ҚҚС қосылған баға*12/112, тиісінше ҚҚС 4 215,6 мың теңгені (39 345,6*12/112) құрайды.
Бұл ретте, салықтық тексеру нәтижелері бойынша ҚҚС есебі ҚҚС=ҚҚС қосылған баға*12/100 формуласы бойынша жүргізілді, мұнда ҚҚС 4 721,4 мың теңгені (39 345,6*12/100) құрады, бұл 505,9 мың теңге сомасында ҚҚС есептеуге әкелді.
Салықтық тексеру актісінен «Д» ДК Қазақстан Республикасының 2017ж.25.12. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 372-бабын бұза отырып, «П» ЖШС-мен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС бойынша салық салынатын айналым негізсіз төмендетілген.
Салық Кодексінің 372-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстарды орындауды немесе қызметтер көрсетуді, оның ішінде өтеусіз орындауды немесе көрсетуді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті білдіреді.
Салық кодексінің 380-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу бойынша айналым мөлшері, егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле тараптары қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгізбей, өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ретінде айқындалады.
Бұл ретте, 2020ж.01.03. шарттың мәні «сүзінді су тазарту жүйесін, суару жүйесін және өртке қарсы қауіпсіздікті, сүзінді су рециркуляциясы жүйесін, нөсерлік кәріз жүйесін жөндеу және қалпына келтіру бойынша қызметтер көрсету» бойынша жұмыстарды орындау болып табылады. 2020ж.01.03. шарттың жалпы сомасы ҚҚС-ты қоса алғанда 39 345,6 мың теңгені құрайды.
Бұдан басқа, «Д» ДК электрондық шот-фактураларының деректері бойынша және 2020ж.01.03. Шартқа сәйкес «П» ЖШС атына 39 345,6 мың теңге сомасына жұмыстар жүргізілді, мұнда:
- айналым мөлшері - 35 130,0 мың теңге;
- ҚҚС-4 215,6 мың теңге.
Шағымды қарау барысында 2020 жылғы 2-4 тоқсан үшін ҚҚС бойынша декларацияда (300.00 Н.) көрсетілген мәліметтерге талдау жүргізілді, ҚҚС салынатын өткізу бойынша айналымның жалпы сомасы, оның ішінде жазып берілген шот-фактуралар бойынша 35 130,0 мың теңге мөлшерінде және ҚҚС сомасы 4 215,6 мың теңгені, барлығы 39 345,6 мың теңгені құрады.
Демек, жоғарыда аталған орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілерінде, электрондық шот – фактураларда көрсетілген ҚҚС қоса алғанда, орындалған жұмыстар құнының жалпы сомасы 2020ж.01.03. Шартта көрсетілген сомаға сәйкес келеді.
Шағымды қарау барысында салық органы салықтық тексеру нәтижелері бойынша 2020 жылғы 2-4 тоқсанда салық салынатын айналым 4 215,6 мың теңге сомасына және ҚҚС 505,9 мың теңге сомасына қате ұлғайтылғаны туралы түсініктеме берді.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, 2020 жылғы 2-4 тоқсанда салық салынатын айналымның жалпы сомасы 4 215,6 мың теңгеге ұлғаюы және салықтық тексеру нәтижелері бойынша 505,9 мың теңге сомасында ҚҚС тиісті есептелуі негізсіз болып табылады.
Апелляциялық комиссия отырысының нәтижелері бойынша шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаны толығымен алып тастау туралы шешім қабылданды.