2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы әзірленді.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) ашу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2021 жылы 5 қарашада орналастырылған (http://legalacts.egov.kz).
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2021 жылғы 19 қарашаға дейін.