Түгендеу кезінде анықталған мүліктің нақты болуының Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп деректерімен алшақтықтары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларына сәйкес реттеледі. Бұл ретте артық болып қалған негізгі құралдар, қорлар, ақша қаражаты және басқа да материалдық құндылықтар кіріске алынуға және қаржылық нәтижеге есептелуге тиіс. Материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі, сондай-ақ табиғи кему нормаларынан тыс бүліну кінәлі адамдарға жатады, кінәлілер анықталмаған немесе сот кінәлі адамдардан өндіріп алудан бас тартқан жағдайларда жетіспеушілік пен бүлінуден болған шығындар мемлекеттік мекеменің шығыстарына есептен шығарылады.