Ағымдағы жылғы 27-31 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі К.Б. Арыстанбекова Қостанай облысында мемлекеттік кірістер, мемлекеттік қазынашылық, ішкі мемлекеттік аудит, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінің қызметкерлерімен, сондай-ақ Қарасу, Жітіқара аудандарының, Қостанай және Рудный қалаларының мемлекеттік кірістер және қазынашылық басқармаларының қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық профилактикасы, парасаттылық мәдениетті және кәсіби жауапкершілікті қалыптастыру, азаматтарға және әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау, мемлекеттік қызметтегі цифрлық әдептілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.