Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау

Мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға байланысты қоғамдық қатынастар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан және нормативтік-құқықтық актілерден тұратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасымен реттеледі.

Қазақстан Республикасы стандарттар мен нұсқаулар шығаратын жоғары аудит органдарының ИНТОСАЙ халықаралық ұйымының мүшесі болып табылады. Осы халықаралық құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында имплементацияланған.

Мемлекеттік аудиттің мақсаты мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын, активтерін басқару мен пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік аудит - мемлекеттік аудит – тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген, бюджеттік қаражатты, мемлекет, мемлекеттік аудит объектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен, оның ішінде бюджетті атқаруға байланысты басқа қызметпен тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін талдау, бағалау және тексеру деп белгіленген.

Мемлекеттік аудитті сыртқы мемлекеттік аудит (Жоғары аудиторлық палата және тексеру комиссиялары) және ішкі мемлекеттік аудит (ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметі) органдары жүзеге асырады.

Аталған органдар мемлекеттік аудиттің 3 түрін жүргізеді: тиімділік аудиті, сәйкестік аудиті және қаржылық есептілік аудиті.

Дата публикации
17 июня 2026
Дата обновления
31 августа 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы