Меню

Страницы

Статья

Бағалау қызметі бойынша сұрақ-жауап

  1. Бағалау туралы есеп объектіні тексерусіз және бағалаушының біліктілігінсіз жасалуы мүмкің бе?

Бағалау бұл бағалау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсымен бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құнын айқындау болып табылады.

Кәсіптік қызметін бағалаушылар палатасы берген «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктің негізінде жүзеге асыратын және бағалаушылар палаталарының біреуінің мүшесі болып табылатын жеке тұлға болып табылады.

Бағалау туралы есеп – жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған жазбаша құжат.

Бағалаушы бағалау объектісіне бағалау объектiсін тiкелей зерттеп-қарауды жүзеге асыруға, сондай-ақ ол бойынша құжаттаманы зерделеуге міндетті.

Баяндалғанға байланысты бағалаушының бағалау объектісің тексеруді жүзеге асыруға міңдетті екенің хабарлаймыз, бұл ретте

«бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктің болуына, сондай-ақ бағалау қызметің жүзеге асыру кезінде Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң және бағалау қызметі стандарттарының талаптарын сақтауға міндетті.

  1. Бірыңғай қызметтер нарығының жұмыс істеуі шеңберінде бағалау қызметін жүзеге асыру шарттарына жалпы тәсілдер нені айқындайды?

Жалпы тәсілдер басқа мүше мемлекеттердің аумағында бағалау қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды (өз органының бір тарапының бағалаушыларын кез келген басқа тарапта қызметтің басталғаны туралы хабардар ету, әрбір тарап органдарының кез келген басқа тарапта бағалау жүргізуге ниетті бағалаушылар тізілімін жүргізуі, бақылау функцияларын жүзеге асыруы, құзыретті органның өтініштерді (шағымдарды) қарауы).

  1. Мүлікті бағалау объектілерінің салыстырмалы тізбесі дегеніміз не?

Салыстырмалы тізбе біліктілік куәлігіне сәйкес мүлікті бағалау объектілері атауларының және рұқсаттардың (жіберудің) арақатынасы бойынша мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ақпаратты қамтиды.

Салыстырмалы тізбе басқа мемлекеттегі тиісті объектілерді өзінің біліктілік куәлігімен бағалау кезінде бағалаушыларға, бақылаушыларға, реттеушілерге және мүше мемлекеттердің өзге де құзыретті органдары мен ұйымдарына басшылық етуге арналған.

  1. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзғаны үшін бағалаушылар мен бағалаушылар палаталарының жауапкершілігі көзделе ме?

Заңның 25-бабында «бағалаушы», «сарапшы» біліктіліктерін беру туралы куәліктерді тоқтата тұру, тоқтату, айыру көзделген.

Мысалы, бағалаушы бағалау туралы екі реттен артық дұрыс емес есеп жасаған жағдайда, «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктен айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабына сәйкес өз өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл іс-әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе бағалаушылардың қылмыстық жауапкершілігі көзделген.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 184-бабында (бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ақпаратты уақтылы бермеу немесе бермеу, сол сияқты анық емес ақпарат бергені және бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган тексеру барысында анықтаған Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзушылықтарды бағалаушылар палатасының жоймағаны үшін) бағалаушылар палаталарының жауапкершілігі көзделген.

  1. Бірыңғай қызметтер нарығын ашудың экономикалық салдары. Болжамдар қандай?

Бірыңғай нарық неғұрлым бәсекеге қабілетті ортаны құрады, бұл бағалау қызметтері бағасының төмендеуіне және қызмет сапасының жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ, бағалаушылар кең нарыққа қол жеткізе алады, бұл олардың қызметтеріне сұраныстың артуына әкелуі мүмкін.

Нарықтың ашылуы ұзақ мерзімді перспективада салаға оң әсер етеді деп күтілуде. Бәсекелестіктің жоғарылауы және нарықтың кеңеюі саланың өсуіне және қызмет көрсету сапасының жоғарылауына әкелуі ықтимал.

  1. ЕАЭО елдерінде бағалау қызметі қалай реттеледі? Ал оның Қазақстаннан айырмашылығы қандай?
Реттеу түрі Ел Уәкілетті орган
Өзін-өзі реттеу қызметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігі
Мемлекеттік бақылау Армения Республикасы Кадастр комитеті
Беларусь Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті
Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрлігі
  1. Бағалаушы палатасы қандай формада құрылады және оның мүшелерінің құрамына қойылатын талаптар бар ма?

ҚР бағалау қызметі туралы заңнамасында бағалаушылар палатасының ұйымдық-құқықтық нысанына және оның мүшелерінің қажетті санына қойылатын талаптар белгіленген.

 «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» ҚЗ-ның 16-бабына сәйкес бағалаушылар палатасы коммерциялық емес ұйым нысанында құрылады және мүшелік шарттарында кемінде үш жүз  бағалаушыны біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым болып табылады.

Бағалаушылар санына қойылатын талап бағалау қызметі саласында өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін алу үшін міндетті шарт болып табылады.

Дата публикации
16 июня 2026
Дата обновления
31 августа 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы