Бұл бағытта Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – МЖЖ) бекітілген құжаттары, олардың іске асырылуы мен мониторингі, сондай-ақ оларды әдіснамалық қамтамасыз ету туралы ақпарат қамтылған.
МЖЖ – ұзақ мерзімді (5 жылдан астам) және орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін қоса алғанда) кезеңдерге арналған құжаттардан, қатысушылардан, қағидаттардан, сондай-ақ процестер мен деректерді басқару элементтерінен тұратын өзара байланысты компоненттердің кешені.
МЖЖ құжаттарына Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) даму жоспарлары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары жатады.
Министрлік мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлеуші болып табылады. Бұл жоспар жоғары тұрған МЖЖ құжаттарын, функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді іске асыруға бағытталған орталық мемлекеттік органның орта мерзімді кезеңдегі қызметін айқындайды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы ұсынылуын қамтамасыз ету қажеттілігін ескереді.