Меню

Страницы

Статья

"Қаржы орталығы" АҚ жиі қойылатын сұрақ-жауаптарының тізбесі

№

Жиі қойылатын сұрақ

Қысқа жауап

Толық жауап

НҚА сілтеме

Кілт сөздер

1

Мемлекеттік білім беру тапсырысы қаражаты қандай мақсаттарға жұмсалуы мүмкін?

Мемлекеттік білім беру тапсырысының қаражатын жұмсау шығыстардың мынадай түрлерін қаржыландыру - еңбекақы төлеу қорына, білім беру процесін қамтамасыз етуге байланысты оқу шығыстарына, білім беру ұйымдарын ағымдағы ұстауға арналған шығыстар.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы қаражатын жұмсау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі сәйкес жүзеге асырылады және шығыстардың келесі түрлерін қаржыландыруды көздейді: еңбекақы төлеу қорына арналған шығыстар, білім беру процесін қамтамасыз етуге байланысты оқу шығыстары, білім беру ұйымдарын ағымдағы ұстауға арналған шығыстар.

Аталған қаражат қолданыстағы заңнама және белгіленген нормативтер шеңберінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылады.

1.https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700016137

2.https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700016138

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру (ЖБШНҚ), мемлекеттік білім беру тапсырысы (МББТ)

2

Ваучерлік қаржыландыру деген не?

Мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру енгізілуде, ол кезекке қоюдан бастап қызметтерге ақы төлеуге дейінгі барлық процестерді өзгертеді. Қаржыландыру енді балаға жүктеледі, ал ата-аналардың өздері балабақшаны таңдайды.

Мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру жобасы іске асырылуда, ол мектепке дейінгі білім беру қызметтерін төлеу тетігіне дейін кезекке қоюдан бастап барлық рәсімдерді түбегейлі қайта қарауды көздейді. Бұл тәсіл бюджет қаражатын бөлудің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ білім беру қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Ваучерлік қаржыландыру «Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Ваучерлік қаржыландыруды енгізу нәтижесінде мемлекеттік тапсырыс енді нақты мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылмайды. Қаржыландыру балаға ілеседі, ал ата-аналар өз балалары баратын балабақшаны өздері таңдайды. Әкімдіктер әрбір мектепке дейінгі ұйым бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемін жеке бекітпейді – бұл құқық ата-аналарға берілген.

Ваучерлік қаржыландыру шеңберінде келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі: мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау мен балаларды қабылдау.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24HP000372

Ваучер, ваучерлік қаржыландыру

3

Ваучерді қалай алуға болады?

Ваучер алу үшін ата-аналар ақпараттық жүйе немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш пен қажетті құжаттарды тапсырып, баланы кезекке қояды. Тексеруден кейін бала кезекке енгізіледі.

«Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығымен бекітілген Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритміне (бұдан әрі – Алгоритм) сәйкес ваучер алу үшін ең алдымен ата-аналар мектепке дейінгі жастағы баланы кезекке қоюы қажет. Кезекке қою үшін ата-аналар ақпараттық жүйе немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Алгоритмде белгіленген нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ Алгоритм қосымшасында көзделген құжаттарды (жұмыс орнынан анықтама, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі (бар болған жағдайда), санаторийлік мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою кезінде фтизиатр дәрігердің құжатының электрондық көшірмесі) жолдайды.

Ата-аналар ұсынған құжаттар толықтығы мен сәйкестігі бойынша республикалық маңызы бар қалалар мен астана білім басқармалары, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері тарапынан тексеріледі. Ұсынылған құжаттар талаптарға сәйкес және толық болған жағдайда бала ваучер алу үшін кезекке қойылады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24HP000372

Ваучер, ваучерлік қаржыландыру

4

Ата-ана ваучер алғанын қалай біледі?

Ваучер ақпараттық жүйеде беріледі. Ваучер расталғаннан кейін балабақшаны таңдап, баланы қабылдауға орналастырады.

Ақпараттық жүйеде ваучер берілген кезде ата-анаға ваучерді алғаны туралы хабарлама жіберіледі. Ата-ана ваучерді пайдалану келісімін 2 жұмыс күні ішінде растауы қажет. Расталмаған жағдайда ваучер 28 күнге стоп-параққа енгізіліп, оны қалпына келтіру құқығымен уақытша бұғатталады. 28 күн ішінде қалпына келтіру құқығын пайдаланбау ваучердің жойылуына әкеледі. Ваучер расталғаннан кейін ата-ана 5 жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйе арқылы мектепке дейінгі ұйымды таңдап, сол ұйымға қабылданады. Бұл мерзім қосымша 2 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін. Көрсетілген рәсімдер ерекше білім беру қажеттіліктерінің болуына қарамастан әрбір бала үшін бірдей тәртіпте жүзеге асырылады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24HP000372

Ваучер, ваучерлік қаржыландыру

5

Жас мамандарды жұмыспен өтеуден босатудың қандай негіздері қарастырылған?

Тұрғылықты жері, жұмыс немесе жұбайының (зайыбының) қызмет орны бойынша бос жұмыс орны болмаған жағдайда, жүктілік кезінде, үш жасқа дейінгі балалары болғанда, әскери қызметтен өткеннен кейін, 1 және 2-топтағы мүгедектігі болса, мүгедектігі бар баланы және 1-топтағы мүгедекті күту кезінде, сондай-ақ ҚР-да мемлекеттік тапсырыс негізінде резидентурада, магистратурада және докторантурада оқуға түскен және оны аяқтаған жағдайда жоғары оқу орны комиссиясының шешімімен жұмыспен өтеуден босатылады

«Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабының 17-2-тармағына сәйкес осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандарға:

1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;

2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

3) резидентураға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, магистратураға, докторантураға түскен жəне оқуын аяқтаған адамдарға;

4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға;

5) әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің (әскери жиындарды қоспағанда) белгіленген мерзімін өткерген жағдайда азаматтарға;

6) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан және оның талаптарын сақтаған жағдайларда азаматтарға;

7) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тəрбиелеп отырған анаға немесе əкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын жəне төленетін мемлекеттік жəрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға;

8) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік жəрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға беріледі.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319_

Жұмыспен өтеу, жас мамандар, жұмыспен өтеуден босату

6

Жас мамандарға жұмыспен өтеу міндетін орындау бойынша қандай жағдайларда мерзімін кейінге қалдыру беріледі?

Жұмыспен өтеу міндетін орындауды кейінге қалдыру жоғары оқу орындарының комиссияларының шешімімен әскери қызметтің өту уақытына және ҚР-дағы немесе шетелдік білім беру ұйымдарындағы жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша оқу аяқталғанға дейінгі кезеңге беріледі.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларының 19-тармағына сәйкес 19. Заңның 47-бабының 17-2-тармағына сәйкес Комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының азаматтары мынадай жағдайларда:

1) Заңның 47-бабы 17-2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген шарттар сақталған кезде кейіннен жұмыспен өтеуден босату үшін әскери қызметтің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін әскерге шақыру бойынша немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген кезде;

2) шетелдік білім беру ұйымдарында резидентурада (ординатурада), магистратурада, аспирантурада, докторантурада оқуға түскен және оқуын аяқтаған кезде жұмыспен өтеу мерзімін кейінге қалдыру уақытын есептемегенде оқу кезеңінде жұмыспен өтеу бойынша міндеттерін кейінге қалдырады.

Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген адамдар кейінге қалдыру мерзімі біткен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттерін орындауға кіріседі және жұмысқа орналастырылған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Операторды кейінге қалдыру мерзімінің өтуі және жұмыспен өтеу орны туралы жазбаша хабардар етеді.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033291

Жұмыспен өтеу, жас мамандар, жұмыспен өтеуді кейінге қалдыру

7

Жас мамандар міндетті түрде дипломда көрсетілген мамандығы бойынша жұмыс істеуі керек пе?

Заңнамада жас мамандарға дипломда көрсетілген мамандық бойынша жұмыспен өтеу міндеттелмейді, тек алынған мамандықпен байланысты салалар мен бағыттарда қызмет ететін ұйымдарда жұмыспен өтеу талап етіледі.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларының 3-8-тармақтарында жас мамандар жұмыспен өтеуі тиіс нақты ұйымдар анықталған: білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария, аграрлық бейіндегі ұйымдар, ғылыми ұйымдар, жоғары колледждер мен училищелер, мемлекеттік органдар және т.б. Қағидалардың 3-8 тармақтарының дәлме-дәл мәнiне сәйкес жас мамандар үшін жұмыспен өтеу жоғары оқу орнында алған мамандықпен шектелмейді.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033291

жұмыспен өтеу, жас мамандар, мамандық бойынша жұмыспен өтеу, жұмыспен өтеу орны

8

Бос жұмыс орны болмаған жағдайда жас маман не істеуі керек?

Бос жұмыс орны болмаған жағдайда, жас маман мансап орталығына жұмыс іздеуші/жұмыссыз ретінде есепке тұруы қажет – есепте тұрған уақыты жұмыспен өтеу мерзіміне есептеледі.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларының 20-тармағына сәйкес Бөлу сәтінде бос жұмыс орындары болмаған кезде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарына Комиссия жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркеу туралы өтініштермен жүгіну үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталықтарына не «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе «Электрондық еңбек биржасы» (портал enbek.kz) мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыспен өтеу мерзімінде жұмыс іздеп жүрген адам, жұмыссыз адам ретінде есепте тұрған уақытын есепке ала отырып, жолдамалар береді.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033291

жұмыспен өтеу, жас мамандар, мансап орталығына тіркелу

9

Жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін оқу шығындарын, соның ішінде бөліп төлеу арқылы өтеуге бола ма?

Жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман оқу шығындарын оператор арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізіндегі оқу мерзіміне мөлшерлес бюджетке қайтаруға міндетті, бұл ретте заңнамада төлемді бөліп төлеу қарастырылмаған.

«Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабының 17 және 17-4-тармағына сәйкес осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда (жұмыспен өтеуден босату), осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті.

Бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу іс жүзінде жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады. Осы тармақта аталған адамдардың жұмысты өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына немесе жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеуіне мониторингті және олардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жүктеледі.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319_

Жұмыспен өтеу, жас мамандар, оқу шығындарын қайтару

10

Сот шешімін орындау мерзімін кейінге қалдыруға, бөліп төлеуге (кесте) болады ма?

Сот шешімін орындау бойынша бөліп төлеу (кесте) немесе кейінге қалдыру үшін сотқа тиісті өтінішпен жүгінуге болады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 246-бабының 1-тармағына сәйкес іс бойынша шешім немесе сот бұйрығын шығарған сот, сондай-ақ шешім орындалатын жердегі сот, егер атқарушылық әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкiн емес ететiн мән-жайлар туындаса, сот орындаушысының өтінішхаты бойынша және (немесе) тараптардың арызы бойынша атқарушылық iс жүргiзуде оны орындау тәсiлiн немесе тәртiбiн өзгертуі, атқарушылық iс жүргiзуде тараптардың арызы бойынша сот шешімін орындауды кейінге қалдыруы немесе оның мерзімін ұзартуы мүмкін.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000377

бөліп төлеу, график, кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, орындау тәртібі

11

Шоттардағы тыйым мен елден шығуға шектеуді қалай алуға болады?

Шоттардағы тыйым мен елден шығуға шектеу сот шешімі орындалғаннан кейін немесе атқарушылық іс жүргізу аяқталған жағдайда сот орындаушысының қаулысы негізінде алынады.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 47 - бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, атқарушылық құжаттың өндiрiп алу немесе өзге де талабы толық көлемде орындалса атқарушылық iс жүргiзу тоқтатылады

https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000261_#z404

шектеу, тыйым, банктік шот, елден шығу
Дата публикации
02 июня 2026
Дата обновления
08 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы