Құжаттарды тіркеу және түсініктемелерді жіберу функционалы камералдық бақылау хабарламалары бөлігінде іске асырылды және қол жетімді. Ол үшін құжатты тіркеп, жіберу керек. Құжатты тіркемей, жауап жіберілмейді.
Бұл ретте, ҚР қолданыстағы салық заңнамасында мынадай түрлерді алу туралы хабарламалар бойынша түсіндірмелер жолдау көзделмеген:
• Дебиторлардың банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алу туралы хабарлама;
• Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы хабарлама;
• Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама;
• НП салық берешегі есебінен мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жою туралы шешім;
• Салық берешегін өтеу туралы хабарлама;
• Жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарлама;
• Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама;
• Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама;
• Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жеке тұлғалардың декларацияларын ұсынбау туралы хабарлама;
• Тәуекел дәрежесі туралы хабарлама;
• Жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы.