Салықтық және кедендік дауларды қарау бойынша Апелляциялық комиссия 2026 жылдың 1 тоқсанында 9 отырыс өткізді және салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылардың 52 шағымы қаралды.
Қаралған 52 шағымның 21-і толықтай немесе ішінара жойылды, яғни барлық қаралған шағымнан 40 %.
Аппеляциялық комиссияның отырысына салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың 95 өкілдері қатысты және Апелляциялық комиссияның мүшелеріне тікелей өздерінің дәлелдерін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 1137 шешім орналастырылды, соның ішінде 2026 жылдың 1 тоқсанында 21 шешім орналастырылды.
Бұдан басқа, сол шешімдер «Қазақстандағы салықтар», «Есеп KZ» және «ПАРАГРАФ» және Қазақстан кедендік делдалдарының (өкілдерінің) ассоциациясы бизнес-қоғамдастықтарының интернет-ресурстарында орналастырылды.