Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалар (бұдан әрі – Қағида) республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді.
Қағиданың 445-тармағына сәйкес бағалау міндеттемелері мынадай жағдайларда танылады:
мемлекеттік мекеменің қандай да бір өткен оқиға бойынша туған міндеттемесі бар (заңды немесе тәжірибеден туындайтын);
міндеттемені реттеу үшін экономикалық тиімділігі бар қорларды шығару қажет деп тану ықтималдығы бар; және міндеттеме мөлшерінің сенімді есептік бағалауын келтіруге болады.
Егер бұл шарттар орындалмаса, онда бағалау мiндеттемелері танылмауы тиіс.
Заңды мiндеттеме әдетте шарт немесе заңнама әсерiнiң нәтижесiнде пайда болады.
Күмәнді қарыздар бойынша резерв тек 1231 »Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»шотта құрылады.
Қағиданың 152-тармағына сәйкес мемлекеттiк мекеме дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу қорытындысы бойынша сатып алушылармен және тапсырыс берушiлермен шарттар бойынша күмәндi берешектi өндiрiп алу жөнiндегi жұмыс нәтижелерiн ескере отырып, түгендеу комиссиясы актiсiне сәйкес қабылданған мемлекеттiк мекеме басшысы шешiмiнiң негiзiнде есептi кезеңнiң аяғында тауарларға, жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу немесе жеткiзудiң мерзiмi өтуi туындаған кезде резерв құрады.