Меню

Страницы

Статья

Инвестициялық жылжымайтын мүлік

Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді.

Қағиданың 292-тармағына сәйкес жалға беру төлемдерін алу немесе капитал құнын өсіру мақсатында иеліктегі (қаржылық жалдау шарты бойынша жалға алушының немесе меншік иесінің иелігіндегі) жылжымайтын мүлік (жер немесе ғимарат немесе ғимарат бөлігі немесе анау да, мынау да) ивестициялық жылжымайтын мүлік болып табылады, бірақ:

өндірісте немесе тауарларды жеткізуде, қызмет көрсетуде, әкімшілік мақсаттарға қолдану үшін емес;

қалыпты шаруашылық қызметі барысында сату үшін.

Сонымен бірге, егер пәтер жалдау кірісін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органның меншігінде болса, онда оны инвестициялық мүлік ретінде қарастыру, жалдау төлемдерін жалдау кірісі ретінде қарау ұсынылатындығын ескертеміз.

Қағиданың 369-тармағына сәйкес, операциялық жалдаудан түсетін кіріс былайша көрсетіледі: 1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және 6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер» шотының кредиті. Жалдаудан сыйақылар бойынша кірістер бюджеттің кірістері болып табылады (активтерді басқарудан түсетін кірістерді аудару «Дебиторлық және кредиторлық берешектер» бөлімінде қарастырылған).

Дата публикации
29 сентября 2020
Дата обновления
29 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы