Меню

Страницы

Статья

Тауарларды және материалдық құндылықтарды есептен шығару

Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалар (бұдан әрі – 393 Қағида) республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді.

393 Қағиданың 285-тармағына сәйкес негізгі құралдар объектілерінің физикалық және моральді тозу салдарынан, зілзала апаттар мен авариялар нәтижесінде, Қарулы Күштерде, басқа әскерлерде және Қазақстан Республикасының әскери құрамаларында пайдаланылмайтын қару-жарақ, әскери техника, қорғаныс объектілері мен өзге әскери мүлікті алып тастағанда жарамсыздығын, оларға жөндеу жүргізудің тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ негізгі құралдарды есептен шығаруға қажет құжаттарды ресімдеу үшін мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тұрақты әрекет ететін комиссия құрылады. Комиссия құрамына міндетті түрде мыналар: мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары (комиссия төрағасы), бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штат кестесі бойынша бас бухгалтер лауазымы жоқ болған жағдайда, бухгалтерлік есепті жүргізу жүктелген тұлға) негізгі құралдардың сақталуына жауапкершілік артылған тұлғалар кіреді, негізгі құралдардың жеке түрлерін есептен шығарғанда комиссия құрамына сондай-ақ тиісті мамандар (сарапшылар), жол полициясының өкілі (автокөлік құралдарын есептен шығарғанда) кіреді. Тұрақты әрекет ететін комиссия техникалық құжаттаманы (төлқұжат, әр қабат сайынғы жоспарлар мен басқа құжаттар) тарта отырып, есептен шығаруға жататын объектіні тікелей тексеруді жүргізеді, сондай-ақ бухгалтерлік есептің деректерін қолданады және қалпына келтіруге және әрі қарай қолдануға жарамсыз екенін белгілейді.

393 Қағиданың 286-тармағына сәйкес комиссия есептен шығару себептерiн (тозу, реконструкциялау, апат және басқа есептен шығару себептерi), есептен шығарылатын объектiнiң жекелеген материалдарын, бөлшектерiн, материалдарын пайдалану мүмкiндiгiн анықтайды, оларды бағалауды жүргiзедi және негiзгi құралдар объектiлерiн есептен шығару актiсiн жасайды. Жарамсыз негiзгi құралдарды, аяқталмаған құрылысты және инвестициялық жылжымайтын мүлiктi есептен шығару Нысандар альбомына сәйкес ресімдейді «Негiзгi құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлiктi есептен шығару актiсi» (Нысандар альбомының ОС-3 нысаны).

Мемлекеттiк мекемелердiң мүлкін есептен шығару Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Негізгі құралдардың жекелеген объектілерін жинаудан алынған және мемлекеттік мекеменің шаруашылық қажеттілігі үшін қалдырылған материалдар қорларға қайта сыныпталады және Нысандар альбомының 429-р нысаны бойынша Ұзақ мерзімді активтерді бұзу және бөлшектеу кезінде алынған қорларды кіріске алу туралы актімен ресімделеді.

Бағалы металдарды қолдана отырып жасалған бөлшектер мен желілер мамандандырылған кәсіпорындарға тапсыруға жатады, ал түсті металлдардан жасалған және басқа жабдықты жөндеу үшін қолданылмайтын бөлшектер мен желілер осындай шикізатты жинау жүктелген ұйымдарға тапсыруға жатады. Бағалы металлдарды қолдана отырып баланстан есептен шығарылған бөлшектер мен желілер белгіленген тәртіпке сәйкес ескеріледі.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысымен бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеуді мемлекеттік заңды тұлға басшысының не оның міндетін атқаратын тұлғаның шешімімен құрылатын тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.

         Комиссия жойылуға жататын мүлікті тікелей тексеріп қарауды жүргізеді, бұл ретте техникалық құжаттаманы, бухгалтерлік есептің деректерін қолданады және оның қайта қалпына келтіруге және одан әрі қолдануға жарамсыздығын анықтайды; бұзылуының себептерін айқындайды; оның жекелеген бөлшектерін, түйіндерін, материалдарын қолдану мүмкіндігін анықтайды және оларға бағалау жүргізеді.

         Қағиданың 10-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік органдар, оның ішінде олардың ведомстволары болып табылатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару олардың шешімі бойынша, аумақтық мемлекеттік органдар болатын мемлекеттік органдардың мүлкін - олардың жоғары тұрған мемлекеттік органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
29 сентября 2020
Дата обновления
29 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы