Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалар (бұдан әрі – Қағида) республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді.
Қағиданың 154-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу нәтижелері бойынша мынадай:
кредиторлық берешек:
кредитор таратылған жағдайда;
кредитор қарызды кешкен жағдайда, егер борыштан босату туралы шешімді кредит беруші мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға қабылдаса;
мемлекеттік мекемеден өндіріп алуға сот бас тартса, оның ішінде талап ету мерзімінің өтіп кету себебінен есептен шығаруға жатады.
Мемлекеттік мекеменің басшысы есеп айырысуларды түгендеу актісін (онда басшының бұйрығына сәйкес комиссия құрамы, кредиторлардың атауы, берешектің сомасы, пайда болуын уақыты мен себебі көрсетіледі), сондай-ақ түгендеу комиссиясы хаттамасының негізінде бұл туралы он күн мерзімде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне хабарлай отырып, кредиторлық берешекті есептен шығару туралы шешім қабылдайды.