2026 жылғы 9 қаңтарда ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Камшат Арыстанбекова және Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Тасқын Ақбаев Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына, оның ішінде қызметтен тыс уақытта өзін-өзі ұстау мәселелеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және (немесе) ойын мекемелерінде бәс тітуге қатысуына қойылатын шектеулерге, мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеуге, сондай-ақ қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғұға және кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салу мәселелеріне қатысты сұрақтар талқыланды.
Сонымен бірге мемлекеттік органның барлық қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауының маңыздылығы, сондай-ақ ұжымда әділ әрі өзара құрметке негізделген қарым-қатынасты қамтамасыз ету мәселелерінде басшылардың жеке үлгі көрсетуінің қажеттілігі атап өтілді.