Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамын және Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 480-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 197-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |
|
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 529 |
|
бұйрығына 1- қосымша
|
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлерін, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (келісім бойынша) және салалық қауымдастықтардың (келісім бойынша) өкілдерін қамтитын тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – апелляциялық комиссия) құрамына кемінде 9 (тоғыз) адам кіреді:
Апелляциялық комиссияның төрағасы;
апелляциялық комиссияның мүшелері кемінде 8 (сегіз) адам санында.
|
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 529 |
|
бұйрығына 2 қосымша
|
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1) жұмыс органы – Комиссия жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;
2) өтініш беруші – шағым берген салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) декларант не кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын адам;
3) уәкілетті орган – салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
4) уәкілетті органның ведомствосы – салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ететін уәкілетті органның ведомствосы;
5) шағым – өтініш берушінің уәкілетті органға берген тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы, сондай-ақ оған қосымша (қосымшалар).
2-тарау. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
1) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым түскен кезде – шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
шағымдардың және оларға қосымшалардың (бар болған жағдайда);
салықтық тексеру актісінің және (немесе) көшпелі кедендік тексеру актісінің және (немесе) оларға қосымшаларымен камералдық кедендік тексеру актісінің (бар болған жағдайда);
тексеру нәтижелері туралы хабарламалардың көшірмелерін;
2) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға берілген шағымға толықтыру (толықтырулар) түскен кезде:
шағымға толықтырудың (толықтырулардың) және Комиссия мүшелерінің сұрау салулары бойынша оларға қосымшалардың (олар бар болған жағдайда) көшірмелерін – шағымға толықтыру (толықтырулар) келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
3) шағымда баяндалған мәселелер бойынша шағымды қарау шеңберінде тексеру тағайындаған кезде:
оларға қосымшалармен актінің көшірмесін (бар болған жағдайда) – жұмыс органы алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
4) Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін бекіткен кезде –Комиссия отырысы өткізілетін күнге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін жібереді.
Комиссия мүшелерінің сұрау салулары бойынша жұмыс органы Комиссияның осындай мүшелеріне шағымды қарау үшін қажетті шағым берген адамға қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын құпияға жататын мәліметтерді және (немесе) ақпаратты жібереді.
Құжаттардың көрсетілген көшірмелері Комиссия мүшелерінің:
мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылатындарға – мемлекеттік органдардың Интранет-порталындағы бірыңғай электрондық пошта жүйесінде;
мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылмайтындарға - олар жұмыс органдарына ұсынған электрондық пошта мекенжайларына жіберіледі.
мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын өтініш берушілердің шағымдары бойынша, – жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін;
салық төлеушілердің басқа санаттарына жататын өтініш берушілердің шағымдары бойынша,– жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін;
шағымға қосымша (қосымшалар) бойынша, – жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;
шағымды қарау шеңберінде тағайындалған тексеру актісі бойынша –жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Егер отырысты өткізу күні мереке күніне келетін болса, онда отырыс Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес одан кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
Комиссия төрағасы қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимінде отырыс тағайындайды, сондай-ақ отырысты өткізу күнін ауыстырады.
Бұл ретте жұмыс органы Комиссия мүшелерін отырыс күнінің ауыстырылғаны туралы хабарландырады.
Комиссия отырысын өткізу мақсатында кворум дауыс беруге құқығы бар Комиссия төрағасын қоса алғанда, Комиссия мүшелері санының кемінде жартысын құрайды.
Аталған Комиссия мүшесінің болмауы шағымдарды келесі Комиссия отырысына қарау үшін шығаруға негіз болып табылады.
Комиссия салықтық, сол сияқты кедендік тексерулер бойынша шағымдарды қараған кезде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан (бұдан әрі - «Атамекен» ҰКП) тиісті бағытқа жетекшілік ететін өкілдер қатысады.
«Атамекен» ҰКП өкілдері өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша (жетекшілік ететін бағыты бойынша) дауыс береді.
Бұл ретте дауыс санау кезінде «Атамекен» ҰКП-дан 1 (бір) дауыс есепке алынады.
Дауыс беру Комиссия отырысында осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру парағын толтыру арқылы жүргізіледі.
Дауыс тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауыс берген шешімі қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындауы туралы өзіне белгілі болысымен Комиссия төрағасын еркін жазбаша нысанда хабардар етеді.
шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.
3-тарау. Комиссия отырысының нәтижелерін ресімдеу тәртібі
Хаттамаға Комиссия төрағасы, Комиссия хатшысы қол қояды.
отырыс орны мен күні;
қатысқан Комиссия мүшелерінің, шақырылған адамдардың (болған жағдайда), жұмыс органы өкілдерінің тізімі;
шағым берген өтініш берушінің атауы немесе тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес–сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі – ЖСН (БСН));
шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нөмірі мен күні;
шағым жасалған хабарламаны шығарған мемлекеттік кірістер органының атауы;
қабылданған шешім көрсетіледі.
4-тарау. Қорытынды ережелер
Егер кедендік реттеу туралы Кодекстің 478-бабында және Салық кодексінің 194-бабында көзделген жағдайлар комиссия мүшелеріне шағым бойынша материалдар берілгеннен кейін орын алса, жұмыс органы бұл туралы өтініш берушіге шағымды қараудан бас тарту туралы хат жіберілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне электрондық пошта арқылы хабарлайды.
|
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы Ережеге 1–қосымша |
Нысан
Күні ____________
Апелляциялық комиссия мүшелерінің
ДАУЫС БЕРУ ПАРАҒЫ
_________________________________________________________
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы
___________________________________ бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ________________ № ________ тексеру нәтижелері туралы хабарламасына ___________________________шағымы бойынша жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ___________ ___________________ |
|
Мәселенің № |
Мәселенің мазмұны |
Апелляциялық комиссия мүшесінің шешімі |
|
|
Қолдаймын |
Қолдамаймын |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шағым жасалған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдаймын:
шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын_______________;
(Қолы)
шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші толық жойылсын______________;
(Қолы)
шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның ___________________________ бөлігінде күші жойылсын________________.
(Қолы)
Ескертпе: тікелей Апелляциялық комиссия отырысының барысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі.
«Қолдаймын», «Қолдамаймын» деген бағандарда қабылдаған шешімін негізге ала отырып, қол қойылады.
Шағым жасалған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген шешімдердің үш түрінің бірі қабылданады және тиісті жолға қол қойылады.
|
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ережеге 2-қосымша |
нысан
Апелляциялық комиссия отырысының
№ ___ хаттамасы
____________ _____________
(орны) (күні)
Апелляциялық комиссия төрағасы: (көрсетіледі)
Апелляциялық комиссия мүшелері: (тізімі көрсетіледі)
Апелляциялық комиссия хатшысы: (көрсетіледі)
Қатысқандар:
шақырылған адамдар (болған кезде): (тізімі көрсетіледі)
жұмыс органының өкілдері: (тізімі көрсетіледі)
____________________________________________________шағымы
(шағым берген адамның аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес–сәйкестендіру нөмірі), шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нөмірі мен күні, шағым жасалған хабарламаны шығарған мемлекеттік кірістер органының атауы көрсетіледі)
Апелляциялық комиссия мүшелері шағым жасалған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылдады:
шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын
____________________________________________________________________;
(органның және (немесе) ұйымның атауы көрсетіледі)
шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші толық жойылсын
________________________________________________________________;
(органның және (немесе) ұйымның атауы көрсетіледі)
шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама _______________________________________________бөлігінде күші жойылсын.
(органның және (немесе) ұйымның атауы көрсетіледі)
Дауыс беру қорытындысы бойынша мынадай ШЕШІМ қабылданды: __________________________________________________________________
(қабылданған шешім көрсетіледі)
Апелляциялық комиссия төрағасы: __________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Апелляциялық комиссия хатшысы: __________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)