|
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы |
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 480-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 197-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
|
Министр |
М. Такиев |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы «25» желтоқсандағы № 804 бұйрығына 1-қосымша |
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдарды қарау
жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы
Салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, комиссия төрағасы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құқықтық қамтамасыз ету саласындағы қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық және кеден заңнамасы саласындағы қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің салық саясаты және кеден ісі саласындағы саясат аясында қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары;
Жаңа Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы Басқарушы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
Басқарушы директор – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының салық салу саласында қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің директоры (келісім бойынша);
Басқарушы директор – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кедендік әкімшілендіру саласында қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің директоры (келісім бойынша);
«Сыртқы экономикалық қызметте қатысушылардың еуразиялық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша).
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы «25» желтоқсандағы № 804 бұйрығына 2-қосымша |
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күшін жоюға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі