Меню

Страницы

Статья

Астана қаласында қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар талқыланды

ҚР Қаржы министрлігі қызметтік әдеп мәселелеріне едәуір көңіл бөледі және корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға жүйелі түрде қарайды. Ведомство кәсіби мінез-құлық стандарттарын арттыруға және өзара құрмет пен ашықтыққа негізделген орта қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін іске асырады.

         Әдеп жөніндегі уәкілдің басшылығымен кездесулер мен семинарлар тұрақты өткізу кәсіби мінез-құлық стандарттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған. Мәселен, қарашада ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Кәмшат Арыстанбекова Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер, мемлекеттік қазынашылық және ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің ұжымдарымен іс-шаралар өткізді. Сондай-ақ Астана қаласының Есіл, Сарыарқа аудандарының мемлекеттік кірістер басқармаларында және кеден бекеттерінде болды.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің әдебі, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сияқты мәселелер талқыланды.

            Өңірлерден астанаға мамандардың келуін ескере отырып, жаңа қызметкерлерді бейімдеу жұмыстары күшейтілді. Тек осы жылдың өзінде 260-қа жуық адам қабылданды, олардың әрқайсысына лауазымға кіру кезеңінде ілесіп жүру үшін тәлімгер тағайындалады.

             Министрлік сондай-ақ ынталандыру жүйесін дамытады және мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттырады. 2025 жылы Астана қаласы бөлімшелерінің 200 қызметкері жоғары нәтижелері, бастамашылығы және жұмысқа қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

           «Кадрларды қолдау жүйесі қолайлы жұмыс ахуалын құруды қамтиды. Басшылық тәлімгерлік бағдарламасы, тұрақты оқыту және мансаптық даму мүмкіндігі арқылы қызметкерлердің кәсіби өсуіне ықпал етеді. Біз шешім қабылдаудың ашық рәсімдерін енгізу және кері байланыс тетіктерін құру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға ерекше көңіл бөлеміз», - деді ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Кәмшат Арыстанбекова.

 

Дата публикации
05 декабря 2025
Дата обновления
05 декабря 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы