Меню

Страницы

Статья

Әдеп мәдениетін нығайту: Алматыда Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің кездесуі өтті

 

2025 жылғы 17 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі К.Б. Арыстанбекова және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Т. Ақбаевтың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шара Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Н.А. Ахмедқалиевтің төрағалығымен өтті және Қаржы министрлігі жүйесінің әдеп жөніндегі уәкілдерінің жұмыс кездесулер бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бағдарлама Жетісу, Алматы облыстарын және Алматы қаласын қамтиды.

Кездесуге Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелері мен аудандық басқармаларының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер, қазынашылық, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, ішкі мемлекеттік аудит комитеттерінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп мәдениетін нығайту, азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру, қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу және ұжымда адалдық пен парасаттылық қағидаттарына негізделген мінез-құлық қалыптастыру мәселелерін талқылау.

Кездесу барысында Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің әдеп жөніндегі уәкілдері мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасындағы өзара қатынастарда адалдық, әділдік және құрмет қағидаттарын сақтау маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік кірістер органдарында этикалық инфрақұрылымды жетілдірудің қажеттілігін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушыларға этикалық мінез-құлықтың озық тәжірибелерін белсенді енгізу, ішкі оқу іс-шараларын өткізу және қызметтік ұжымдарда өзара құрмет пен кәсібилік атмосферасын қолдау жөнінде ұсыныстар берілді.

Дата публикации
22 октября 2025
Дата обновления
30 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы