2025 жылғы 15 қазанда ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қамшат Арыстанбекова, Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Тасқын Ақбаев, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Берік Ескентаев Іле ауданы, Қонаев және Алатау қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен кездесті.
Жұмыс кездесулері барысында қатысушыларға қызметтік әдеп нормалары, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің ережелері түсіндірілді. Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және (немесе) ойын мекемелеріне бәс тігуге қатысуын шектеуге, оларды деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеуге сондай-ақ қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне кемсітушілік пен қол сұғудың кез келген түріне тыйым салуға ерекше назар аударылды
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайына қызметтік тәртібіне жұмыс уақытында да, қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтау сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге мүдделер қақтығысын болдырмау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке қатысты мәселелері қаралды Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығы және мемлекеттік қызметшілердің моральдықэтикалық келбетіне жоғары талаптар қоятыны атап өтілді