Меню

Страницы

Статья

Этика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және жеке жауапкершілік - Жетісу облысындағы сапардың басты назарында

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қызметтік әдепті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті.

2025 жылғы 13 қазанда Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (МКД) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Арыстанбекова К.Б. және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ақбаев Т.Т. қатысуымен лауазымды тұлғалармен кездесу өтті.

Кездесу барысында қызметтік тәртіпті нығайту және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға байланысты аспектілерді егжей-тегжейлі қарастырдық Қатысушыларға заңнаманы сақтағаны үшін жеке жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастырудың маңыздылығы туралы еске салынды Мемлекеттік қызметшінің беделіне және оның қызметтік міндеттерін орындау сапасына нұқсан келтіретін әлеуметтік қауіп ретінде лудоманияның алдын алуға ерекше назар аударылды Сондай-ақ спикерлер мемлекеттік қызметшілерге адалдықты әділдікті және моральдық-әдептілік нормаларын сақтауды міндеттейтін Әдеп кодексінің ережелерін мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығын атап өтті

Сонымен қатар, іс-шара аясында әдеп жөніндегі уәкілдер Департамент қызметкерлерінің жұмыс кабинеттерін аралап, олармен тікелей сұхбат жүргізіп, жұмыс барысымен танысты.

Кездесу сындарлы диалог форматында өтіп, оның барысында Департамент қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, толыққанды жауаптар ала алды. Іс-шара қорытындысы бойынша кәсібиліктің жоғары деңгейін және қоғамның мемлекеттік органдарына деген сенімін сақтау үшін осындай түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

Дата публикации
22 октября 2025
Дата обновления
30 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы