2025 жылғы 15 қазанда Алматы облысына жұмыс сапарымен ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қамшат Арыстанбекова мен Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Тасқын Ақбаев келді.
Сапар барысында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің (Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит департаменттері) ұжымдарымен кездесу өтті.
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Осыған байланысты, жұмыс кездесулері барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің әдебі, оның ішінде жұмыстан тыс уақыт, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік сияқты мәселелер талқыланды.
Бұдан басқа, сапар шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және (немесе) ойын мекемелерінде бәс тігуге қатысуына шектеулер, мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеу атап көрсетілді, сондай-ақ қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне кемсітушілік пен қол сұғушылықтың кез келген көріністеріне тыйым салу бойынша түсініктемелер берілді.
ҚР Қаржы министрлігінің жоғарыда аталған аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің негізгі міндеті - азаматтардың мүдделеріне қызмет ету сондай-ақ қоғам алдындағы ерекше жауапкершілік пен міндеттемелерді атқару екендігі түсіндірілді