Меню

Страницы

Статья

Қаржы министрлігі өкілдерінің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

2025 жылғы 03 қыркүйекте ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілдері Арыстанбекова Кәмшат Болатқызы және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің уәкілі Ақбаев Тасқын Тұрағалдыұлы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер, қазынашылық, Ішкі мемлекеттік аудит, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінің лауазымды тұлғаларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарын сақтау мәселелері айтылды.

Арыстанбекова Камшат Болатқызы өз сөзінде Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерден тек қызметтік міндеттерді уақытылы орындауды ғана емес, сыртқы келбетке де жоғары талаптар қоятынын, сондай-ақ әріптестер, қызметтік бағынысты адамдар және басшылық арасындағы қарым-қатынасты реттейтінін атап өтті. Спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәсекелерге қатысуына тыйым салынған.

Ақбаев Тасқын Тұрағалдыұлы қоғамдық орындарда алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жүру және көлік құралын ондай күйде басқару құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары талқыланып, атап өтті.

Кездесу соңында қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарына, Әдеп кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтауды ұсынды.

Дата публикации
12 сентября 2025
Дата обновления
12 сентября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы