5 қыркүйек күні ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Арыстанбекова Камшат Болатқызы Абай облысы бойынша Қазынашылық департаменті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мен Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары бойынша, оның ішінде әкімшілік ресурстарды пайдалануға тыйым салу, мүдделер қақтығысын болдырмау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, қызметтік тәртіпті, іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық ережелерін сақтау бөлігінде түсініктемелер берілді.
Бұдан басқа, Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға әуестенбеуі, Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауы және мемлекеттік қызметтің беделін қорғауы қажеттігі атап өтілді.
Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап және түсініктемелер берілді.