Меню

Страницы

Статья

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесу

 

2025 жылдың 5 қыркүйегінде Абай облысында қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын сақтауға арналған кездесу өтті.

ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілдері Камшат Болатқызы Арыстанбекова және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақбаев Тасқын Тұрағалдайұлы өңірдің Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен сындарлы диалог жүргізді.

Әңгіменің негізгі тақырыбы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен және Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексімен байланысты мәселелер болды.

Камшат Арыстанбекова әдеп нормалар мен мінез – құлық ережелерін сақтау тек ресми талап емес, азаматтардың игілігі үшін тиімді және адал жұмыстың кепілі екенін атап өтті. Ол мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына жол бермеу туралы еске салды, сондай-ақ мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты жеке сипаттағы кемсітушілік пен қудалауға жол бермеу мәселесін атап өтті.

Тасқын Ақбаев әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, атап айтқанда, көлік құралдарын мас күйінде басқаруға жол бермеуге назар аударды, бұл өте маңызды аспект болып табылады, өйткені мұндай әрекет заңды бұзады, айналасындағылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Іс-шара қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдер этикалық мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыру әрбір қызметкердің жауапкершілікпен қарауын талап ететін үздіксіз процесс екенін атап өтті және қызметкерлерді заңдар мен нормативтік актілердің нұсқамаларын қатаң сақтауға шақырды.

Дата публикации
12 сентября 2025
Дата обновления
31 августа 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы