2025 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік Қазынашылық комитетінде семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға Комитет басшылығы, аумақтық қазынашылық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары, Ұлттық банк, ғылыми ұйымдар мен оқу орындарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Камшат Арыстанбекова баяндама жасады. Өз сөзінде ол мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, практикалық мысалдар келтіріп, жиі кездесетін жағдайларға талдау жасады.
«Әдеп кодексінің нормаларын сақтау - бұл формальдылық емес, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімінің маңызды негізі. Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің жауапкершілігін сезініп, адалдықтың, ашықтық пен кәсібиліктің үлгісі болуға тиіс», - деп атап өтті Камшат Арыстанбекова.