Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттiк борыш

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджеттік кодексінің 138 бабына сәйкес:

Өзара талаптарды ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышына немесе мәслихаттардың шешімдерімен жергілікті атқарушы органдардың борышына жатқызылған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың алынған (игерілген) және өтелмеген қарыздарының белгілі бір күнге сомасы, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы мемлекеттік борыш болып табылады.

Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты қамтиды.

Мемлекеттік ішкі борыш Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі қарыздары мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борыштың құрамдас бөлігі болып табылады.

Мемлекеттік сыртқы борыш Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы қарыздары мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борыштың құрамдас бөлігі болып табылады.

Мемлекеттік қарыз алу және борыш сұрақтарының нормаларын қамтитын нормативтік құқықтық актілер:

  • Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджеттік кодексі (7-бөлім «Қарыз алу және мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерін басқару, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бюджеттік кредиттеу және гранттар»);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 331 «Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыздар алудың, мемлекет кепілгерліктерінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы.

 

Дата публикации
06 августа 2025
Дата обновления
21 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы