Меню

Страницы

Статья

Орындалған жұмыстар актісі бойынша сұрақтар-жауаптар

Сұрақ: https://zakup.sk.kz, https://goszakup.gov.kz, https://esf.gov.kz, https://www.eisz.kz порталдарындағы электрондық актісі бухгалтерлік есепте операцияны немесе оқиғаны рәсімдеу үшін қолданылатын Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) бастапқы құжат ретінде танылады ма?

 

Жауап: «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 2) тармақшасына сәйкес бастапқы есепке алу құжаттары (бұдан әрі - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлiк есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы.

Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес операцияларды немесе оқиғаларды ресiмдеу үшiн қолданылатын бастапқы құжаттардың нысандары немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтедi. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.12.2012 жылғы № 562 бұйрығымен (бұдан әрі – 562 Бұйрық), ал талаптар – «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы № 241 бұйрығымен (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілген.

Бұл ретте, егер әртүрлі ақпараттық жүйелерде 562-Бұйрықпен бекітілген бастапқы есепке алу құжаттарын қайталайтын құжаттар рәсімделсе, онда олар соңғысына сәйкес келуі тиіс, әйтпесе олар бастапқы есепке алу құжаттары болып танылмайды.

Қағидаларының 27-тармағына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын қоспағанда орындалған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) қабылдап алу – беру үшін шаруашылық операциясын жасау фактiсін растау үшiн орындаушы жасайтын 562 Бұйрықпен нысаны бекітілген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі қолданылады.

Демек, егер үшінші тарап ақпараттық жүйелерінде жазылған орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген бастапқы құжаттардың нысанына немесе талаптарына сәйкес келсе, онда орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің мұндай актісі бастапқы есепке алу құжаты болып танылады, әйтпесе бастапқы есепке алу құжаты болып танылмайды.

 

Сұрақ: Ұйымның «тірі» қолдары мен мөрлері бар қағаз жеткізгіштегі электрондық порталдарда рәсімделген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) электрондық актісін қайталау/қайта қол қою қажет пе, әлде ОЖЭА басып шығару жеткілікті ме?

Жауап: «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 6-тармағына сәйкес электрондық жеткiзгiштерде бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн жасау кезiнде дара кәсiпкерлер мен ұйымдар операциялардың басқа қатысушылары үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап ету құқығы берiлген мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша осындай құжаттардың көшiрмелерiн қағаз жеткiзгiштерде дайындауға тиiс.

Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес электрондық қолтаңбаны пайдаланатын дара кәсiпкерлер немесе ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық қолтаңбаны пайдалану және оларға қол жеткiзу құқығына қатысты тиiстi сақтық және бақылау шараларын белгiлеуге тиiс.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен рәсімделген және қол қойылған орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі болған кезде оны «тірі» қолдары мен мөрлері бар қағаз жеткізгіште қайталаудың қажеті жоқ.

 

Сұрақ: егер қызмет аяқталғаннан кейін оферта шарттарының аяқталғанын растау ретінде көрсетілген сертификат берілсе, онда әрбір клиентпен орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін жасау және оған қол қою міндетті болып табыла ма, немесе әрбір клиентке қатысты қызметті құжаттамалық жабу үшін сертификат берілсе жеткілікті ме?

Жауап: «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 1 - бабының 2) тармақшасына, 7 - бабының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес бастапқы есепке алу құжаттары (бұдан әрі - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлiк есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы.

Бухгалтерлiк жазбалар бастапқы құжаттар негiзiнде жүргiзiледi.

Операцияларды немесе оқиғаларды ресiмдеу үшiн қолданылатын бастапқы құжаттардың нысандары немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтедi.

«Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы № 241 бұйрығының 27-тармағына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын қоспағанда орындалған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) қабылдап алу – беру үшін шаруашылық операциясын жасау фактiсін растау үшiн орындаушы жасайтын «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.12.2012 жылғы № 562 бұйрығымен нысаны бекітілген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі қолданылады.

Осылайша, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көрсетілген қызметтердің жасалу фактісін растау үшін әр клиентпен орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін жасау және қол қою қажет.

 

Сұрақ: Қызмет көрсетуші ОЖА-ны өзінің электрондық жүйесінде қалыптастырған кезде, ОЖА-ға өнім беруші қол қоюшы лауазымын және ОЖА-ны жазуға уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сын көрсетуге міндетті ме?

Жауап: «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы № 241 бұйрығының 23-тармағына сәйкес бастапқы құжаттарды уақтылы және сапалы ресімдеуді, бухгалтерлік есепте көрсету үшін оларды белгіленген мерзімде беруді, сондай-ақ оларда қамтылған деректердің дұрыстығын осы құжаттарды жасаған және оларға қол қойған адамдар қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін жасау кезінде «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.12.2012 жылғы № 562 бұйрығынның 50-қосымшаның Р-1 нысанында көзделген барлық ұстанымдарды, оның ішінде Орындаушы мен Тапсырыс берушінің лауазымын және қолтаңбасының толық жазылуын толтыру қажет.

 

Сұрақ: Құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдау кезінде Р-1 нысаны бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін рәсімдеуге орындалған жұмыстар актісінен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №229 бұйрығымен көзделген орындалған құрылыс жұмыстарының құны мен шығындары туралы анықтамадан басқа «Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидалары (құрылыс салушы)» бекітілді?

Жауап: «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы № 241 бұйрығының 27-тармағына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын қоспағанда орындалған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) қабылдап алу – беру үшін шаруашылық операциясын жасау фактiсін растау үшiн орындаушы жасайтын орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі қолданылады, оның Р-1 нысаны (бұдан әрі-Р-1 нысаны) «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.12.2012 жылғы № 562 бұйрығымен бекітілген,

Сонымен қатар, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 3-тармағына сәйкес нысандары немесе оларға қойылатын талаптар осы баптың 2-тармағына сәйкес бекiтiлмеген қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi бастапқы құжаттарды дара кәсiпкерлер мен ұйымдар дербес әзiрлейдi не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген нысандарды немесе талаптарды қолданады немесе Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген резидент емес-жеке тұлғалар немесе резидент емес-заңды тұлғалар ұсынған нысандарды есепке алуға қолданады.

Осылайша, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген нысандар, мысалы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес не Заңның 7-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, ұйым дербес әзірлеген Нысандар қолданылады.

Яғни, орындаушы/мердігер құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаған кезде Р-1 нысаны рәсімделмейді.

 

Сұрақ: ОЖЭА ұсынған бухгалтерлік есепте қызметтерді сатудан түскен кірісті қандай күн деп тану керек? Егер актіге кеш қол қойылса, бухгалтерлік есеп тұрғысынан кіріс пен шығысты тану сәті қандай күнді қарастыруы керек?

Жауап: «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес бухгалтерлік жазбалар бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі.

Бастапқы құжаттар операцияның немесе оқиғаның iске асырылу кезiнде не олар аяқтала салысымен жасалуға тиiс.

 

 

Дата публикации
11 июля 2025
Дата обновления
11 июля 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы