2025 жылғы 29-30 мамырда Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Стратегия, персоналды басқару және жұмылдыру жұмысы департаментінің директоры Қайрат Орынханов пен Әдеп жөніндегі уәкіл Камшат Арыстанбекова Министрліктің өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Сапар барысында қызметкерлерге кеңес өткізілді, онда мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, Әдеп кодексінің ережелері, сондай-ақ ағымдағы қызметтің өзекті мәселелері талқыланды. Жұмыс процесін ұйымдастыру және еңбек жағдайларын бағалау мақсатында қызметтік үй-жайлар орналасқан ғимаратқа шолу жасалды.
Сонымен қатар, Жаңаарқа аудандық және Сәтбаев қалалық Мемлекеттік кірістер және қазынашылық басқармаларының қызметкерлерімен кездесулер өткізілді.