Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функцияларының бірі – Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының негізгі ережелерін және Әдеп кодексінің қолдану практикасына бағдарлай отырып түсіндіру кездесулерін өткізу болып табылады.
Осы іс-шараларжы жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 28 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Стратегия, персоналды басқару және жұмылдыру жұмысы департаментінің директоры К.К. Орынханов және Әдеп жөніндегі уәкілі К.Б. Арыстанбекова Қарағанды облысында іс сапарда болды.
Жұмыс барысында Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит комитеттерінің аумақтық департаменттері, сондай-ақ Бұқар-жырау ауданы бойынша қазынашылық басқармасы, мемлекеттік кірістер қызметкерлерімен кездесі өткізді.
Іс сапар шеңберінде Қаржы министрлігі жүйесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары, мүдделер қақтығысын болдырмау, әкімшілік ресурстарды пайдалануға тыйым салу, қызметтен тыс уақытта әдепті емес мінез-құлық бойынша түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, қызметтік тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелері талқыланды. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету, үстемеақылар белгілеу және бонустар төлеу мәселелері түсіндірілді, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Әдеп жөніндегі уәкіл қызметкерлерді жеке қабылдады.