ҚР ҚМ Ішкі аудит департаментінің 2024 жылғы аудиторлық іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат
ҚР ҚМ Ішкі аудит департаментінің (бұдан әрі - Департамент) Ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2024 жылы мынадай объектілерде 9 аудиторлық іс шара (оның ішінде электрондық аудит форматындағы 2 объектіде) өткізілді:
- Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;
- Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
- Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ;
- Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ;
- «Проблемалық кредиттер қоры» Акционерлік қоғамы;
- Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
- Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
- Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаметі(электрондық аудит);
- Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаметі(электрондық аудит).
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына анықталған бұзушылықтарды, кемшіліктерді жоюға ҚР заңнамасын бұзушылықтарды жою және жол бермеу бойынша ұсынымдармен 9 шешім жіберілді, олар толық көлемде орындалды.
Аудит нәтижелері бойынша аудит объектілерінің 3 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке, 3 тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде ҚР бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру туралы заңнамасын, Министрліктің ведомствоішілік бұйрықтарын тұрақты зерделеу, сондай-ақ қаржылық тәртіпті қатаң сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді.
Департамент объектілерде ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.