ҚР ҚМ Ішкі аудит департаментінің 2023 жылғы аудиторлық іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат
ҚР Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №1310 бұйрығымен бекітілген ҚР ҚМ Ішкі аудит департаментінің (бұдан әрі – Департамент) 2023 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Департаментпен 2023 жылға аудиторлық іс-шаралар 6 нысанда өткізілді:
- Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;
- Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;
- Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;
- Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
- Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
- Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.
Сондай-ақ, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері негізінде БҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде жоспардан тыс электрондық аудит жүргізілді.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына анықталған бұзушылықтарды, кемшіліктерді жоюға ҚР заңнамасының толық көлемде орындалған бұзушылықтарын жою және жол бермеу бойынша ұсынымдармен 7 шешім жіберілді.
Аудит нәтижелері бойынша аудит объектілерінің 6 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды, оның ішінде: әкімшілік – 2 (бюджетке 112 мың теңге төленді), тәртіптік – 4. Сондай-ақ, 2022 жылы бюджетке 30,6 мың теңге сомаға әкімшілік айыппұл төленді.
Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде ҚР бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру туралы заңнамасын, Министрліктің ведомствоішілік бұйрықтарын тұрақты зерделеу, сондай-ақ қаржылық тәртіпті қатаң сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді.
Департамент объектілерде ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.