Меню

Страницы

Статья

ҚР ҚМ Ішкі аудит департаментінің 2022 жылы жүргізілген аудиторлық іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат

ҚР ҚМ Ішкі аудит департаментінің 2022 жылы жүргізілген аудиторлық іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы №1329 бұйрығымен бекітілген 2022 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2022 жылы 5 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде:

- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінде;

- Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде;

- Атырау облысы бойынша қазынашылық департаментінде;

- Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде;

- Шымкент қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарын жою және алдағы уақытта жол бермеу ұсынымдарымен анықталған бұзушылықтарды, кемшіліктерді жоюға 5 шешім жіберілді.

Объектілермен кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту, бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданып, жұмыстағы кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар жоспарлары әзірленді.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес 3 лауазымды тұлға айыппұл сомасы 153,1 мың теңге әкімшілік жазаға тартылды.

Бұзушылыққа жол берген үшін 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша ішкі мемлекеттік аудит объектілері жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп туралы заңнамаларын үнемі зерделеу, қаржылық тәртіпті, оның ішінде Министрліктің ведомствоішілік бұйрықтарын қатаң сақтау қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.

Департамент объектілерде ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.

Дата публикации
29 мая 2025
Дата обновления
29 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы