Меню

Страницы

Статья

Қаржы министрлігі өңірлерде қызметтік әдепті арттыруға бағытталған шараларды күшейтіп жатыр

ҚМ Стратегия, персоналды басқару және жұмылдыру жұмысы департаментінің директоры Қайрат Орынханов Әдеп жөніндегі уәкіл Кәмшат Арыстанбековамен бірлесіп,өңірлерде арнайы кездесулер өткізді. Оның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау саласындағы алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Сапар кезінде ведомство өкілдері Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит комитеттерінің аумақтық департаменттері мен аудандық басқармаларының қызметкерлерімен кездесті.

Бұл іс-шара арқылы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң саласындағы бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ Қаржы министрлігінің беделін көтеру көзделгенді. Тұтастай алғанда, аталған кездесулер мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексін, қызметтік әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуге бағытталған.

Оның барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, қызметтік тәртіп,мемлекеттік қызметшілердің этикасы, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мәселелері талқыланды.

Мұндай кездесулер министрлікте тұрақты түрде өткізіліп келеді. Өйткені оның жұмыс процесін жақсартып, мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелерді шешуге жол ашады.

 

Дата публикации
24 апреля 2025
Дата обновления
11 сентября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы