Әдеп нормалары кез-келген кәсіби қызметті жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады, бірақ әдеп стандарттарының рөлі ерекше болатын қызметтер бар. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс адамға белгілі бір міндеттемелерді жүктейді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік аппаратының барлық қызметкерлері қоғамның үмітіне сай болуы тиіс, себебі олардың негізгі міндеті — азаматтардың мүддесіне қызмет ету. Мемлекеттік қызметтегі жұмысты таңдай отырып, адам қоғам алдында ерекше жауапкершілік пен міндеттемелерді өзіне алады. Мемлекеттік қызметті атқару қоғам тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындықтан, ол мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін адамдардың қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.
Осы себепті біздің елімізде 2016 жылдың қаңтар айынан бастап мемлекеттік органдарда Әдеп жөніндегі уәкіл институты жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде бұл лауазымды
2025 жылғы 19 ақпаннан бастап Камшат Арыстанбекова атқарады. Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттеріне қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу кіреді.
ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілерге ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының бұзылуына қатысты өтініштерді қарайды; қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады. Бұдан басқа, Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады, тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Мысалы, 2024 жылдың 4 тоқсанында ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі 400-ден астам жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде 318 мемлекеттік қызметшіге жеке консультациялық көмек көрсетті. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша барлығы 5 өтініш қаралды. Нәтижесінде материалдар құзыретті тұлғаларға жіберілді. Қарау қорытындылары бойынша тәртіп бұзушылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2024 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша 751 дәріс және семинарлар өткізілді. Сондай-ақ 99 бейнесюжет пен радиоматериал орналастырылды, баспа және интернет БАҚ-та 762 мақала жарияланды.
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымдағы жағымды ахуалды қалыптастыруға елеулі үлес қосқан 392 мемлекеттік қызметші марапатталды.
Сонымен қатар, 5878 мемлекеттік қызметші арасында қызметтік этәдеп нормаларының сақталуын және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу бойынша анонимді сауалнама жүргізілді.
Ағымдағы жылы Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмыс жоспарында мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсету, іскерлік әдеп пен қызметтік мінез-құлық қағидаларын сақтауға бағытталған профилактикалық жұмыстар, қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша мониторинг, бақылау және талдау жүргізу, ұжымда өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралары көзделген.
«ҚР Қаржы министрлігі қызметкерлерінің қызметтік әдебі өз міндеттерін тиімді және адал атқаруға ықпал ететін кәсіби мінез-құлықтың жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚР ҚМ-де қызметтік әдепті реттеу мен қолдаудың барлық тетіктері енгізілген. Мемлекеттік қызметшілердің жеке адамға, қоғамға және жұмысқа дұрыс көзқарасы мемлекеттік қызметшілердің мінез - құлық мәдениеті мен кәсіби деңгейі туралы оң пікір қалыптастыруға мүмкіндік береді, қоғамның мемлекеттік аппаратқа деген сенімін нығайтады, сайып келгенде, Қазақстан халқының бірлігін нығайтады», - деп атап өтті ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі Камшат Арыстанбекова.