Ағымдағы жылдың 10-11 сәуірінде Стратегия, персоналды басқару және жұмылдыру жұмысы департаментінің директоры Қайрат Орынханов пен Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Камшат Арыстанбекова Жамбыл облысына барды.
Жұмыс сапары барысында Қаржы министрлігінің өкілдері Жамбыл облысы бойынша (Жуалы және Жамбыл аудандары) Мемлекеттік кірістер, қазынашылық, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит комитеттерінің аумақтық департаменттері мен аудандық басқармаларының қызметкерлерімен кездесулер өткізді.
Аталған жұмыс сапары мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды және мемлекеттік қызметшілерге әдеп кодексі мен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуге бағытталған.
Жұмыс кездесулері барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің этикасы, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері, мемлекеттік қызметті тоқтату, қаржылық бақылау шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік сияқты мәселелер талқыланды.
Бұдан басқа, сапар шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарды таратуға (таратуға), қайта ұйымдастыруға, мемлекеттік органдар ішіндегі басқару құрылымын өзгертуге, штат санын қысқартуға, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеуге байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар берілді сондай-ақ жеке қабылдау өткізілді