Меню

Страницы

Статья

ҚР Қаржы министрлігі өкілдерінің Түркістан облысындағы аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерімен жұмыс кездесуі

2025 жылғы 8-9 сәуірде Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегия, персоналды басқару және жұмылдыру департаментінің директоры Қайрат Кәкімұлы Орынханов пен Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі Камшат Болатқызы Арыстанбекова Министрліктің өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Іс-шара Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында Қазынашылық департаменті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті сондай-ақ Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өкілдерінің қатысуымен өтті

Қайрат Кәкімұлы мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ынталандыру тетіктерін, оның ішінде үстемеақыларды бонустарды материалдық көмекті және басқа да көтермелеу шараларын түсіндірумен сөз сөйледі Сондай-ақ мемлекеттік органдарда ұйымдық өзгерістер қысқартулар немесе штат саны ұлғайған жағдайда қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері егжей-тегжейлі қаралды

Кездесу барысында Камшат Болатқызы қатысушыларды мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың негізгі ережелерімен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау жөніндегі шаралармен сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларымен таныстырды Мінез-құлық стандарттарын сақтаудың және кәсіби этиканың жоғары деңгейін сақтаудың маңыздылығы атап өтілді

Кездесуге қатысушыларға қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар берілді, содан кейін қызметкерлерді жеке қабылдау ұйымдастырылды

Жұмыс сапары сындарлы атмосферада өтті және Министрліктің орталық аппараты мен өңірлік бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті

 

Дата публикации
15 апреля 2025
Дата обновления
11 сентября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы