Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өкілдерінің Қызылорда облысына жұмыс сапары

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Қызылорда облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегия, персоналды басқару және жұмылдыру департаментінің директоры Қайрат Кәкімұлы Орынханов және Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Камшат Болатқызы Арыстанбекова келді.

Сапар аясында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің — Мемлекеттік кірістер департаментінің, Қазынашылық департаментінің, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің, сондай-ақ Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшылық құрамымен және қызметкерлерімен кездесу өтті.

Стратегия персоналды басқару және жұмылдыру департаментінің директоры Қайрат Кәкімұлы мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы рөлінің маңыздылығын және олардың жауапкершілігін атап өтті Сөз сөйлеу барысында ол қызметкерлерді материалдық ынталандыру, оның ішінде көтермелеу бонустар төлеу, лауазымдық айлықақыларға үстемеақылар белгілеу сондай-ақ мемлекеттік органдарды тарату қайта ұйымдастыру, құрылымын өзгерту және штат санын ұлғайту кезінде әлеуметтік қолдау көрсету мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды

Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Камшат Болатқызы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға және оларды болдырмауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Корпоративтік мәдениетті нығайту, адал мінез-құлықты қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік қызмет институтына деген сенім деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған барлық мәселелер бойынша түсініктемелер алды. Сонымен қатар, қызметкерлерді жеке қабылдау ұйымдастырылды, оның аясында кәсіби және жеке өтініштер талқыланды.

Дата публикации
15 апреля 2025
Дата обновления
11 сентября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
CIT on deductions for services
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
КТС - сенімсіз жабдықтаушылармен өзара есеп айырысу
Пайдалы ақпарат
19 октября 2026
ҚҚС - Салық салынатын айналымның артуы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы