2025 жылғы 27 ақпанда Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі К. Арыстанбекованың төрағалығымен Әдеп жөніндегі уәкілдің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған Қаржы министрлігі ведомстволарының қызметкерлеріне арналған семинар өтті
Семинарда спикерлер - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Д. Қозыбаев, Астана қаласы Полиция департаменті жол-патруль қызметінің бастығы, полиция майоры
Б. Кодебаев, Астана қаласы полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі А. Қибатқызы мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде пайда болуымен байланысты бұзушылықтардың алдын-алу, сондай-ақ осындай жағдайда көлік құралдарын басқаруға жол бермеу шаралары талқыланды. Шара барысында есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын медициналық емес тұтыну, сондай-ақ көлік құралын мас күйінде басқаруға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.